Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалықтар «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10 мың бас мал сатып алды

Қызылордалықтар «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10 мың бас мал сатып алды«Сыбаға» мал шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан бері қызылордалық шаруалар кредиттік қаржыға 10 мың бас мал сатып алған, деп хабарлайды BNews.kz
«Бағдарлама төрт жылдан бері іске асырылып келеді. Шаруаларға ірі қара сатып алатын қаржыны «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ беріп жатыр», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Далдабаев.
Жыл басынан бері өңірдің малшылары Солтүстік Қазақстаннан 77 миллион теңгеге 439 ірі қара мал әкеліпті.
«Сонымен қатар аграрлық құрылымдар «Ырыс», «Алтын асық» секілді мал шаруашылығын қолдау бағдарламаларына қатысуда. Айтпақшы, алдағы уақытта малмен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артуы мүмкін. Өйткені өңірде жем-шөп өндіру жүйесі жолға қойылып жатыр. Таяуда ғана құрама жем зауыты іске қосылды», - деп түйіндеді Ғ.Далдабаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: