Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАЛДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» деп аталатын жаңа бағдарламасы Қызылорда облысынан бастау алды. «ӨЗ ҮЙІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАСТАЛДЫОсы бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 40 мың шаршы метрді құрайтын 12 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Жаңа бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру мақсатында бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Айбатыр Жұмағұлов меморандумға қол қойды.
Осы келісім негізінде бүгін қаладағы «Сырдария» мөлтек ауданынан 100 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің ағашқы іргетасы қаланды. Ал қалған 500 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үй жаңадан бой көтеретін «Арай-3» мөлтек ауданында салынады. Бұл жыл ішінде «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 600 қызылордалық баспаналы болады деген сөз. 
- Жаңа бағдарлама біздің өңірден бастау алып отыр. Сондықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылығына алғыс айтқым келеді. Өткен жылы облыс орталығында тұрғын үй құрылысы 8 есеге артты. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін халық көріп отыр. Тек қана 2015 жылдың өзінде біз осы салаға 22 млрд. теңге инвестиция тарттық. Биыл да бұл көрсеткіш кем болмайды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
- Тұрғын үй жинақ банкі арқылы тұрғын үй салу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы үздік 3 аймақтың ішінде. «Өз үйім» бағдарламасын осы аймақтан бастауымыздың да себебі бар. Жергілікті басшылар құрылыс жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымды дайындап, барлық жағдайды жасап отыр. Сонымен қатар, үйлердің сапасын да ұдайы бақылауда ұстайтын боламыз, - дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы Айбатыр Жұмағұлов.
Мұнан басқа дәл осы күні «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыруымен «Сәулет» мөлтек ауданында 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйдің алғашқы іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 940 млн. теңге. Облыс басшысы мердігер мекемеге құрылыстың сапасына мән беруді тапсырды. 
Қорыта айтқанда, жыл басының өзінде Қызылордада 19 көпқабатты трғын үйдің құрылысы басталды. Облыс басшылығы биыл да 2 мыңнан астам сырбойылық баспаналы болады деп жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: