Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘЗИЯ ҚЫСТАУБАЕВА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСІШІСІ БОЛДЫ

ӘЗИЯ ҚЫСТАУБАЕВА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСІШІСІ БОЛДЫБүгін аудандық мәслихат депутаты Әзия Қыстаубаева Жаңақорған ауданы әкімінің әйелдер ісі, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 
Кезінде трактор руліне отырып, Сыр салысынан мол өнім алуға қол жеткізген қайсар қыз Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1980-жылы Қаз ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына да сайланды. Бертінде бригадир, партком хатшысы, ауылдық кеңес төрағасы атанған Әзия Қыстаубаева соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы ауыл әкімі қызметін абыроймен атқарған. Ауыл тұрғындарының ауызбірлігін сақтап, елді Елбасы бағдарламаларын орындауға жұмылдырып келе жатқан ол сонымен қатар көп бала өсірген ардақты ана. Жан жары Кенбай екеуі үш ұл, екі қыз өсіріп, бұл күндері жеті-сегіз немере сүйіп отыр. Қажырлы еңбегі арқылы ел құрметіне бөленген Әзия Елбасының қабылдауында да болған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: