Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша 4 423 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, жұмыс жасауда. Шағын кәсіпкерлік саласында 12 айда 8419 адам жұмыспен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында көптеген жан қолдау тауып, кәсіпкерлер қатары артуда. Осы жылдың 5 айында аудан кәсіпкерлері мен ісін жаңадан бастаушыларға сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан 175 өтініш бойынша 831,4 миллион теңге несие, грант қаражаты берілген.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мәліметінше, «Бизнестің жол картасы–2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін құны 305,5 миллион теңгені құрайтын 10 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау үшін мақұлданды. Бағдарламаның кепілдік беру компоненті бойынша 9 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 115,5 миллион теңге кепілдік берілген. Осы бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты аясында «РЗА» АҚ-ның «Ірі қара мал өсіру кешенін 1200 басқа және сүт өңдеу зауытын кеңейту, ІІ кезең» жобасын сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін облыстық экономика басқармасына және Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінімі тапсырылды. Жоба құны 314,2 миллион теңге. Осының нәтижесінде 2020 жылға «Электрмен жабдықтау» жобасына республикалық бюджеттен 158,4 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Мердігер мекеме – «АБМ Билдинг 2007» ЖШС. Сонымен бірге «Сумен жабдықтау» жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында қаржыландырылуға ұсынылған екінші жоба – Әйтеке би кентінде көлік-логистикалық орталық инфрақұрылымын қамтамасыз етуге 148,9 млн теңге бөлінді. Қазір бас мердігер «ҚазқұрылысСервис» ЖШС сумен жабдықтаудың сыртқы желілері, канализация, телефонизация, электрмен және газбен жабдықтауда.