Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шаштараз кәсібінің қыр-сырын үйренді

2014 жылы жаңа ғана жосалылық жігіт деп таныстырған Дәулет Бұқпанов аудан орталығынан Тұрмағамбеттегі №29 орта мектепке география пәні мұғалімі болып жұмысқа жіберілген. Бірер жыл еңбек еткен маман ауылда тұрақтап қалуды көксесе керек. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен үй алып, теңім деп тапқан Гүлжанат Алмахановамен шаңырақ көтеріпті. ІІІ Интернационал ауылының тумасы Гүлжанат Сәбитқызы жоғары білімді жас. Есепшілік мамандықты игерген. Ал оның шаш сәндеп, бет әрлеуі бала кезден үйреншікті хоббиы. 
Мамандығымен жұмыс істеп те көріпті. Бірақ жүрек қалауын кәсіпке айналдыруға бел буған. Осылайша «Бизнес бастау» курсын оқып, шаштараздың мамандығын толық меңгеруге бетбұрыс жасайды. Икемді істі игеріп әкететініне сенген ол жоба қорғап, жеңімпаз атаныпты.
Елді мекенде шаштараздың қызметіне сұраныс едәуір. Аудан орталығы немесе қаладағыдай көп сән салоны жоқ. Сондықтан тұрақты жұмыс істеп, тұрғындардың көңілінен шығатын қызмет көрсетуші қажет-ақ. Үйінің бір бөлмесін шаштараз етіп жасақтаған Гүлжанат мемлекеттік қолдаудан шет қалмады. Құжат тапсырып, қайтарымсыз 500 мың теңге грантқа ие болды. Оған қажетті құралдарын алды. Қазір ер мен әйелдер шашын қияды, бояйды, шаш сәндеу, тырнақ, бет бояу тәрізді қызметтер көрсетеді. Аз уақыттың ішінде тұрақты тұтынушыларын тауып, ауыл әкімінен алғысына бөленген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: