Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 51 мыңнан астам кәсіпкерлік нысандарына салықтық жеңілдіктер қарастырылды

Өңірде 51 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісіне салықтық жеңілдіктер қарастырылып, 9 мыңға жуық кәсіпкерлер әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдерден босатылды, сондай-ақ 8 мыңға жуық кәсіпкерлердің несие төлемдері ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін кейінге шегерілді. Қазіргі таңда, банктермен және микроқаржы ұйымдарымен несие төлемдерін шегеруді 15 қыркүйекке дейін ұзарту жұмыстары жасалуда. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
-Қазіргі таңда, қайтарымсыз гранттар беру бағытына қосымша республикалық бюджеттен 49 млн. теңге, сондай-ақ "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында шағын несиелер беруге 28,5 млн. теңге қаражат тарту мәселесі пысықталуда. Бизнесті қолдауға арналған бағдарламалармен көзделген құралдарды тиімді пайдалану үшін Қызылорда облысының  2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әзірленді. Жоспардың негізгі басымдығы шағын және орта бизнес жобаларын дамыту және қолдау болып табылады. Онда бизнеске тауарлар мен тамақ өнімдерін өндіру бойынша экономиканың түрлі салаларындағы 270-ке жуық жобаны іске асыру қарастырылған.
Биылғы жылдың өзінде 1 800-ден адам жұмыспен қамтылатын жалпы құны 24 млрд. теңгені құрайтын 95 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні облыстың осы бағытында 14 банк пен қаржы ұйымдары жұмыс жасауда, олармен жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз қарым-қатынасы жүйелі жолға қойылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: