Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Конституцияның 25 жылдығы: Қызылордалық азаматтар мерекелік медалмен марапатталды 

Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай облыс әкімдігінде жиын болып өтті.  
Шараға аймақтың дамуына үлкен үлес қосып, Ата Заңымыздың орнығуына, ел тұрақтылығын сақтауға зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткерлері, ел белсенділері,  еңбек ардагерлері, ішкі саясат, мәдениет, спорт саласының ардагерлері мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 
Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мерекелік жиынға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады. ҚР Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталғандар қатарында 
еңбек ардагерлері Сайлаубай Әбішов, Алмагүл Божанова, Жақай Бодықбаев, "Инициативаларды қолдау" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәдина Төлепова, "Қарлығаш" шеберлер орталығының төрайымы Қарлығаш Ілиясова бар. Сондай-ақ, аталған тізімге облыстық "Невада-Семей" қозғалысының төрағасы Сәбит Әбіш, «Қызылорда» телеарнасының шеф-редакторы Мөлдір Құлмырзаева, "Ақпарат-kz" газетінің бас редакторы Бибайша Алпысбаева, "Хабар" телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Әлібек Байшүленов, республикалық "Егемен-Қазақстан" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова, жырау, өнертанушы, мәдениет саласының ардагері Жұмабек Аққұлов, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы Мұхит Әбдікәрімов енгізілген. Мұндай марапат облыстық филармониясының әртісі Шынберген Тілеулесов, спорт саласының ардагерлері Құрманкүл Датқабекова, Аманжол Оңғарбаев, «№ 19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ-нің директоры Серік Алмағамбетов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспановке көрсетілді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: