Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Отандық белгілі блогер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамалды 

Екібастұз қаласының тұрғыны, белгілі блогер кәмелет жасынан толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 
Instagram әлеуметтік желіcінде күдіктінің әпкесі бауырының қылмыс жасамағанын айтып, видео үндеу жариялады. Кадрдан әйелдің көпшіліктен көмек сұрағанын байқауға болады.
"Сараптама қыздың пәк екенін көрсетті. Екі сараптама жасалды", - деді ол. 
Сонымен қатар, күдіктінің әпкесі тәртіп сақшылары тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын да хабарлады. Әйел бауырының кәмелетке толмаған үш қызы бар екенін, оның жақында ғана педофилді ұстағанын атап өтті. 
Бұл жағдайға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті пікір білдірді, 
"Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1 бөлігі ("Зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адам Екібастұздың уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: