Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мұз жарылып көлік суға кетті

Мұз жарылып көлік суға кеттіҮстіміздегі жылдың 2 қаңтарында сағат 17.40-те облыстық төтенше жағдайлар депарматентінің кезекшілік бөліміне Қармақшы ауданынан хабарлама келіп түсті. Онда аудан орталығы – Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзені үстіндегі мұз жарылып, "Тойота Каролла" автокөлігі суға кеткені жайында айтылған.
Арада жиырма минөт өткенде бригада төтенше оқиға орын алған жерге жетті. Ол жерде судан құтқарушылр мен сүңгуірлер әрекетін бастады. Өкінішке орай, апаттық-іздестіру жұмыстары ешқандай нәтижесін берген жоқ. Бірқатар дерек көздеріне сүйенсек, аталмыш көлік 1979 жылы дүниеге келген азаматқа тиесілі көрінеді. Әзірге көлік ішінде басқа жолаушылар болды ма? Ол жағы белгісіз. Ол алдағы уақытта анықталатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: