Жаңа Жыл қарсаңында жұртшылық пиротехникалық жарылғыштарды жиі қолданады. Алайда, одан жзиян көріп, дене жарақатын алатын адамдар аз емес.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңа жыл күндерінде 7 адам аталған отшашудан жарақат алған. Олардың көздері, беттері және өзге де жерлері күйіп қалған. Олардың арасында ең жасы – 6-да екен. Ал ең үлкені 32 жасты толтырған көрінеді.