"Ұлдарымды ұрып, таяқпен сабап тәрбиелеймін". Баласын ұрған Түркістан облысының тұрғыны өз әрекетін түсіндірді
Балаларын ұрып-соққан Түркістан облысының тұрғыны өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөздерін журналист Жазира Бегалы өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Мені осылай ата-анам тәрбиеледі. Сондықтан ұлдарымды ұрып, таяқпен сабаймын. Мен оларды қалай тәрбиелейтінімді өзім білемін, - деді кейіпкер елде резонанс тудырған видеоның кейіпкері.
Сондай-ақ, Жазира Бегалы ер адамның әйелімен - үш баланың анасымен сөйлескенін хабарлады. Тергеушілер түн ортасына олардан жауап алды.
Мен өз балаларын аяусыз ұрып-соғуды норма деп санайтын ер адам әйелі мен балаларынан кешірім сұрамайтынын да білгенде шошыдым. Әйел видео түсіргені дұрыс. Неліктен 4 жыл бойы ер адам үйде ішімдік ішіп, әйелі мен балаларын қор қылғанын көршілер де, туыстар білмеген? Себебі ол үй-ішін қорқытқан", - деп жазды журналист.
Еске салайық, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азамат жайлы ақпарат тараған еді.