Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілдерінің және төтенше жағдайлар департаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Үсенбаевтың, Сырдария ауданы гарнизонының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. 
Отырыста «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілі Б.Ахметов «100 нақты қадам ұлт жоспарының» 13 қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге арналғандығын айтып өтті. Сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстырып, тиісті мағұлмат берді.
Өз кезегінде ТЖД Кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Е.Үсенбаев қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңын басшылыққа алып, қызмет барысында жұмыс жасауды жөнінде міндеттеді. Жеке құрамға сыбайлас жемқорлықтың және діни экстремизмнің алдын алу сипатындағы бейнероликті көрсетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: