Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Заманауи медиа және баспасөз қызметі мәселесі таразыланды

Баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру, білімін шыңдау бағытында облыстық ішкі саясат басқармасы «Заманауи медиа және баспасөз қызметі» тақырыбында оқыту семинар курстарын ұйымдастырды. 

Облыстық семинар-тренингті облыс әкімінің орынбасары Ахмет Серік Әбжәліұлы ашып, журналист Н.Нұрмахан, А.Тұңғышбаева лебіздерін білдірді. 
Семинар-тренинг санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 3 секцияға бөліп өткізілді. Облыстық семинар-тренингке қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттердің 60-қа жуық баспасөз хатшылары, өзге де ұйымдар мен мекемелердің PR менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты. 
Оқыту семинарының тренерлері «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы, "Үш таған" ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі, "Сорос" халықаралық қорының грант иегері Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы, республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналының бас редакторы, журналист Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы, «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы, қоғам белсендісі, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Мұсаев Ерлан Нұрланұлы өңірдің баспасөз хатшыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті. 

Шара барысында фойеде "Сыр журналистикасының тарихы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: