Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Елбасының ерен еңбегі насихатталады

Биыл өңірде Тұңғыш Президент күніне орай 300-ге жуық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Пандемияға байланысты мәдени шаралар онлайн форматта өткізіледі. Яғни, мәдениет және өнер мекемелерінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшалары мен YOUTUBE желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан көрсетіледі.
-Аймақта Елбасының ерен еңбегін насихаттап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын таныту мақсатында «Елбасының дара жолы» виртуалды кітап көрмесі, «Менің Тұңғыш Президентім» атты онлайн экскурсия, «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» тақырыбында фотокөрме, «Ақмешіт» музейі филиалында «Елбасы және Сыр елі», «Ел тірегі – Елбасы» виртуалды және құжаттық көрмелері өткізіледі. Сондай-ақ, «Елбасы сүйетін әуендер» атты мерекелік онлайн фильм концерт, «Менің өмірімдегі көшбасшы» мерекелік онлайн концерті мен «Жырдан шашу шашайық» атты жыршы-жыраулардың онлайн фестивалі, Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылады. Айтулы күнге байланысты шаралардың барлығы карантиндік талапты сақтай отыра өткізіледі, - деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.
Мерекеге орай Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Думан Рамазанның «Абылайханның арманы» спектаклінің премьерасы өтеді. Қйоылымды көрермендер бүгін сағат 18:00-де және 1-ші желтоқсан күні сағат 15:00-де тамашалай алады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: