Ғалымдар "Қасқа жолды Қасым хан" туралы әңгімеледі
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қасқа жолды Қасым хан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына облыстық соттың төрағасы, жергілікті орган басшылары, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары, сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚМУ профессоры, заң ғылымдарының докторы А.Ағыбаев, Әл-Фараби атындағы ҚМУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Х.Әбжанов сынды республикаға белгілі қайраткерлер қатысты .
Ғылыми конференция жұмысын нақтылау мақсатында арнайы бағдарлама бекітіліп, ол бойынша қатысушылар алдымен ғылыми-техникалық кітапхананың тақырыптық көрмесін тамашалады. Бағдарламаға сәйкес өтетін пленарлық мәжілісте секцияға бөлініп, түрлі ғылыми тақырыптарда «Қазақ билері жүргізген әділ сот тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі сот жүйесін жетілдірудің өзекті проблемалары», «Сот билігі-әділеттің қайнар көзі» атты т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.