Сырдария ауданы, Нағи ауылының мәдениет үйінде «Алтын бесік – ата қоныс» атты көше тұрғындарының байқауы болып өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары дайындықпен келген әрбір көше жақсы өнер көрсетіп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Сайыстың қорытындысымен 1-ші орын А.Құнанбаев көшесіне бұйырса, 2-ші орынға Н.Ілиясов көшесі тұрақтады. Ал жүлделі 3-ші орынды А.Бисенов көшесінің сайыскерлері иеленді. Сондай-ақ, Достық көшесі өнерлі, Ж.Жабаев көшесі ынтымағы жарасқан, Мұратбаев көшесі қарттары қазыналы номинацияларымен марапатталды.