Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

1

Аралда Айдарбек батырдың ескерткіші ашылды

Аралда Айдарбек батырдың ескерткіші ашылдыЖау өтінде жасындай жарқылдаған ақ сауытты Айдарбек батырдың ұрпағы Арал маңынан бой көтерген ескерткіш белгінің жанында бас қосып,баба рухын ұлықтады. Аудан әкімі Абзал Мұхимов салтанатты түрде ескерткіштің лентасын қиды.
Айдарбек бабаның төрт баласы Татыран, Алтынбай, Күлік, Арданадан тараған ұрпақтары төрт рулы елге айналып, бағзы заманнан Сыр елінде ғұмыр кешіп келе жатыр.
Ақ сауытты Айдарбек батырдың өзінің жатқан жерінен арнайы әкелінген бір уыс топырағы ескерткіш іргесіне қойылды. Айдарбектен тараған төрт баланың ұрпақтары баба рухына құран бағыштап, бас имам құран-хатым түсірді.
Айдарбек бабаның рухын ұлықтау салтанатынан соң ақшаңқан киіз үйлерде қонақтарға ас беріліп, сайын далада ат шаптырылып, ұлан асыр той өтті. Жеңімпаз шабандоздарға автокөлік кілті, жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Әдемі
21 қаңтар 2021 10:59
Айдарбек батырдын ескерткіші неше метр екенін Қалай салынғандығы туралы айтасыз ба Толық