Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІЖаңақорған аудандық кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз байтақ елім – Қазақстан» атты кітап көрмесін жасады.
Көрме Жаңақорған аудандық кітапханасының қорындағы кітаптардан құралған төрт бөлімнен тұратындығын атап өткен жөн.
«Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бірінші бөлімде қазақ мемлекеттілігінің құрылу тарихынан бастап, қазіргі заман тарихына дейін сыр шертетін әдебиеттер қойылды. 
Екінші бөлім «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» деп аталса, үшінші бөлімі «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты көрмесіне арналды.
Соңғы бөлім «Ұлы Дала Елі – Мәңгілік Ел» деп аталды. Бұл бөлімде еліміздің егенмендік алғаннан бастап қол жеткізген жетістігі мен жеңісі, тарихы мен тағдыры туралы әдебиеттер топтастырылды. Сонымен қатар мобильді кітапхана /көрме/ ұсынылды. Көрме өзінің мақсаты бойынша оқырмандарға мағлұматтар беруге бағытталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: