Қазақстандық танымал әртістердің бірі Димаш Құдайберген қытайлық The Amazing Idol (Amazing idol) шоуының эфирінде ашық сұхбат берді6 деп жазады Stan.kz.
Әнші қандай қыздарды ұнататынын айтты.
«Маған қандай қыз ұнайды? Бұл сұрақ бәрін қызықтыратын сияқты. Аспанда әркімнің өз айы бар сияқты. Мен үшін не маңызды? Мен үшін ең бастысы - әдептілік, ақылдылық, нәзік мінез, нәзіктікпен ерекшелену», - деді Димаш.
Димаш Құдайбергеннің болашақ әйелі, ең алдымен, ата-анасын қуантуы керек, деп жалғастырды Димаш.
Таңдалған адам әншінің өзінен гөрі ата-анасына ұнаса, қандай жақсы болар еді дейді әнші.
«Сыртқы келбетке келетін болсақ, бұл әрине өте маңызды. Егер мен қазір сыртқы түрінің маңызды емес екенін айтсам, бастысы жақсы адам болу керек десем, бұл шындыққа сәйкес келмейді», - деп Димаш шындығын мойындады.