Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАРМАҚШЫДА КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ ІРІКТЕЛДІ

ҚАРМАҚШЫДА КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ ІРІКТЕЛДІБүгін Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында ұйымдастырған байқауға 8 мектептен үміткерлер қатысты. Байқау барысында қатысушылар прозалық және драмалық шығармадан үзінді оқып, мәнерлеп өлеңдер айтты. 
Байқау қорытындысында №183 мектептің 10 сынып оқушысы Серікбекова Зарема І орын алса, ІІ орынды №111 мектептің 10 сынып оқушысы Ізкенова Айзере мен № 99 мектептің 10 сынып оқушысы Насырбай Алмагүл иеленді. № 85 мектептің 10 сынып оқушысы Қазиева Бақытгүл және № 279 мектептің 10 сынып оқушысы Сахиева Бағжан ІІІ орын иегерлері атанып, дипломдармен марапатталды. № 28 мектептің 10 сынып оқушысы Адаева Ақтолқын, № 107 мектептің 10 сынып оқушысы Қоштай Нұржігіт және № 108 мектептің 10 сынып оқушысы Мардиева Гүлханым аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: