Жаңа театрдың шымылдығы Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» спектаклімен түреді. Сол арқылы өнер сүйер қауымға өз өнерлерін паш ететін болады. Театр жыл басында ұйымдастырылды. Оған жергілікті жастар кастингке шақырылды. Олардың арасынан өнерге жақын жастар таңдап алынды.
Аталмыш қойылымның режиссері – «Мәдениет қайраткері» Оңталап Нұрмаханов болса, суретшімі Айдар Амандосов. Муызкамен көркемдеген Жарылқасын Оразғұлов. Театр қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен құрылып отыр. Қойылым 20 мамырда А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізіледі.