Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенттер сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне жас ақындар айтысы және жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Оны қала әкімінің тікелей қолдауымен қалалық білім бөлімі және «Социум Қызылорда» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастырды.
Айтысқа Қызылорда қаласы және облыс аудандарынан 6-10 сынып оқушылары арасынан 20 жас ақын қатысты.
Айтысты, елімізге танымал айтыскер ақын, республикалық «Алтын домбыра» байқауының алғашқы иегері, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұхтар Ниязов жүргізсе, қазылар алқасының құрамында ақын, режиссер Оңталап Нұрмаханов, ақын, журналист Дүйсенбек Аяшұлы, айтыскер ақын Айнагүл Абуова және ақын Мөлдір Айтбайлар жас ақындардың өнерін бағалады.
Жас ақындар ең басты құндылығымыз Тәуелсіздігімізді жырға қосып, көрермендердің ыстық ықыласы мен риясыз қошеметіне ие болды.
Қазылар алқасының шешімімен жазба ақындар мүшәйрәсінің жеңімпаздары деп танылған 3 жас ақынға 20 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар және қала әкімінің арнайы алғыс хаттары табысталды.
Жас айтыскерлер арасынан 3 орынға ие болған екі ақынға 30 мың теңгеден, 2 орын иегелері атанған екі ақынға 50 мың теңгеден, 1 орын иегеріне 70 мың теңге және бас жүлдені иемденген Арал ауданының жас ақыны Бексұлтан Орынбасаровқа 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.