Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ЖЫРАУЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ЖЫРАУЛАР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазалы ауданында жыраулар фестивалі өтті. 
Алмас Алматов жүргізген кеште еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жыраулар Бегім ана, Асандар көтерілісінің құрбандары мен Жалаңтөс батырды жырға қосты. 
Еліміздің бүгінгі сүлейлері Элмира Жаңабергенова, Ұлжан Байбосынова, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бейімбетова, Серік Жақсығұлов, Күнсұлу Түрікпенова, Дина Нұрабаева, Сандуғаш Бисембаева, Әзілхан Мақсатбаев, Айбек Тәңірбергенов, Бидас Рүстембековтер көрермендерді жыр құшағына орап, термелерін тарту етті. Шара барысында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов фестивальге қатысушы жыршы-термешілерге құттықтау лебізін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: