Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жырау 750 мың теңге жеңіп алды

Жырау 750 мың теңге жеңіп алдыҮстіміздегі жылдың 5-7 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық байқауы болып өтті.  
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл байқау Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және ҚР Президенті – Н. Назарбаевтың «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты сұхбатында айтылған негізгі бағыттарды насихаттау мақсатында өткізілді. Байқауға еліміздің әр аймағынан 32 термеші қатысып, бақтарын сынады. Астана қаласындағы «Конгресс - Холл» сарайында өткен қорытынды кеште үздік деп танылған он термешінің термелері орындалып, жүлдегерлер марапатталды. 
Республикалық байқауға Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының жолдамасымен Қармақшы ауданы, Көшеней жырау атындағы «Жыраулар Үйінің» директоры, жырау, Жиенбай жыр мектебінің өнерін насихаттаушы Серік Жақсығұлов пен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы жыр секторының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Майра Сәрсенбаева қатысып, республика бойынша үздік ондықтың қатарына енді.
Байқау қорытындысымен жерлестеріміз Серік Жақсығұлов жүлделі ІІ орынға ие болып, 750 мың теңге сыйақының иегері атанса, Майра Сәрсенбаева ынталандыру сыйлығына ие болды. 
Байқауға қатысушылар алдын ала берілген «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Киелі мекен - Ұлытау», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл», «Ұлттың қуаты - тілінде», «Тілден артық қасиет жоқ», «Сөз халықтың қымбаттан қымбат қазынасы» тақырыптары бойынша өз ойларынан шыққан темелері мен белгілі ақын-жыршылардың шығармаларын орындады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: