Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жастар тарихи фильмдерді тегін көреді

 

"Жастарды қолдау орталығы" МКМ-нің ұйымдастыруымен "Жібек жолы" кинотеатрында "Көшпенділер" кинофильмі жастарға тегін көрсетілді. Бұл жөнінде орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. 
Осыған дейін жастар үшін "Жау жүрек мың бала" кинофильмі көрсетілген болатын. Аталмыш көрсетілім Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған басқа да шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: