«Жастарды қолдау орталығы» МКМ Жалағаш аудандық бөлімі және «Жалағаш аудандық оқушылар Үйі» МКҚМ бірлесіп ұйымдастыруымен 2014 жылдың 11 қараша күні сағат 1000-де аудандық оқушылар Үйінің ғимаратында «Өнер тамған он саусақ – үзілмейтін ырысың» тақырыбында аудан бойынша 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында қолөнер бұйымдарының сайысы өткізілді.
Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар саясаты жөніндегі маманы Қ.Қалданов, «Жастарды қолдау орталығы» МКМ Жалағаш аудандық бөлімінің аға-кеңесшісі Б.Калиянов, аудандық оқушылар Үйінің сурет үйірмесінің шетекшісі Ж.Қорғанбаев, дизайнер Д.Тілеуімбетова, ұйымдастырушы-педагог П.Іздібаевалар қазылық етті.
Жалпы шараға орта білім беретін 19 мектептен 25 оқушы 5 номинация бойынша өз қолөнер бұйымдарын ұсынды. Аталмыш номинациялар бойынша үздік деп танылған 10 оқушының жұмыстары іріктелініп, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, сайысқа белсене қатысқан 5 оқушыны ынталандыру мақсатында Алғыс хаттар табысталды.