Қызылордада инновациялық мектептер желісі құрылады
Қызылорда облысы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өңірлік инновациялық мектептер желісін құру жобасын қолға алмақ. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев өзінің «Мазмұнды жаңарту жағдайындағы білім беру ортасының трансформациясы» республикалық семинар-кеңесінде сөйлейтін сөзінде мәлімдеді.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін жалпы білім беру жүйесіне тарату жұмысы басталған-ды», - деді аймақ басшысы.
Аталған жоба шеңберінде облыс аудандарында екіден және Қызылорда қаласында 6 мектеп іріктеліп, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін енгізу алаңы ретінде дамытылады.