Жыл соңына дейін Қызылорда облысында «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында 855 пәтерлік 97 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Тоғыз айдың өзінде 228 қызылордалық қоныс тойын тойлады. Қалған жоспар жыл соңына дейін толық орындалатын болады. Жалпы, биыл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 5826,2 млн.теңге бөлінді.