Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

СЫР ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

СЫР ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДАБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов кооперативке бірігудің артықшылықтарын айтып берді. 
Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. 
Баспасөз жиынында басқарма басшысының орынбасары П.Сыздықов «Өткен жылдың басында «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң күшіне енді. Ол ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қауымдастықтарының қызметін кешенді түрде реттеуге бағытталған маңызды құжат еді. Жаңа заңның талаптарымен бірге шаруашылықтарды ірілендіру мәселесінде сең қозғала бастады. Былтыр аймақтың аграрлық секторында осындай 133 құрылым пайда болды. Оның 34-і – мал, 34-і – егін шаруашылығында, қалғаны – көпсалалы. Кооперативтерге 746 фермерлік шаруашылық қосылған. Ауыл шаруашылығына екі түрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі, олар – несие және субсидия беру. Бұрын субсидия ірі құрылымдарға беріліп келсе, ендігі жерде кооперативке біріккен ұсақ шаруашылықтар үшін де қолжетімді болады, – деді. 
Брифингке арнайы келген «Оңтүстік батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директорының орынбасары, топ мүшесі Нұрадин Әлібаев өз сөзінде: 
- Несие үшін кепілдік мүлкін қою міндеті әдетте ауылдағы ағайынға оңай соқпайды. Осыны ескерген Үкімет «ҚазАгро» ұлттық холдингі арқылы 70 пайыздық кепілдендіру мәселесін қарастыруда. Бүгіннен бастап кооперативтерге мониторинг жүргізу, кооперация негіздерін түсіндіру бағытында салалық министрлік пен ғылыми ұйымдар өкілдерінің тобы аймақтарды аралауға шықты. Сыр өңірінде ауыл шаруашылығының барлық бағыты қамтылғанын, түйе мен қой шаруашылығының даму қарқыны жоғары екенін жеткізді. Төрт түліктің басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Осылар бір мүдде аясына топтасқан жағдайда аяққа тұруы тез болар, - деді. 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің сарапшысы Дәулет Ғаниев арнайы топ жүргізетін оқыту курстарының мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті. Нәтижесінде алдағы уақытта кооперативтер туралы мәліметтер базасы құрылып, өткізу нарығы мен өзге де мәселелер сарапталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: