Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Облыс әкімі қытайлық инвесторларды қабылдады

Облыс әкімі қытайлық инвесторларды қабылдадыБүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытайдан келген халықаралық «Сани Груп» компаниясының өкілдерін қабылдады. Бұл компания облыстағы құрылыс және мұнай-газ саласына қызмет көрсетуге инвестиция салмақ. 
Компания бас директорының орынбасары Ли Цзяньхуа Қазақстан мен Қытай елі арасындағы достық және экономикалық қарым-қатынастың жылдан жылға нығайып келе жатқанын айтты. Қызылорда облысында құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіруді дамытуды көздеп отыр. Соның бастамасы ретінде аймақта цемент шығару зауытын салуды жоспарлап отырғандықтарын жеткізді. Компанияның бұл салада тәжірибесі мол. Атап айтқанда, Индонезияда ауқымды индустриалдық аймақты осы кәсіпорын салған. Бүгінде сол елдің тәжірибесін біздің аймақта қолданбақ. 
Аймақ басшысы Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстыра келіп, Елбасы шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын айтты. Аймақтың потенциалдық мүмкіндігін кеңінен пайдалана отырып, отандық және шетелдік инвестицияны өндіріске, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, құрылыс саласына тарту керектігін, сондай-ақ, бүгінде осы салаларда Қытай елінің технологиялары бізде жоғары сұранысқа ие болып отырғанын атап өтті. 
Екі жақты кездесу барысында тараптар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Алдағы жоспарлар жайлы айта келіп, достық қарым-қатынастың дами беруі өз нәтижесін береді деп сенім білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: