Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚАЛА ӘКІМІ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

 

Кеше, 5 мамыр күні Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл мерейтойы қарсаңыда ҚР Қарулы күштер қатарындағы әскерилер және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мерекелік қабылдау ұйымдастырды.
Мерекелік шараға, Қызылорда қаласында орналасқан барлық әскери және құқық қорғау мекемелерінен 80-ге жуық қызметкер қатысты.
- 1992 жылы 7 мамырда Елбасы, ҚР Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Биыл Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына - 25 жыл.
Отандастарымыз үшін бұл мереке - батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Сондықтан, бұл - біздің еліміздің елдігінің, Тәуелсіздігіміз бен теңдігіміздің бекіген күні деп саналады.
Бүгінде қуаты артып, абыройы әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері - татулықты ту еткен халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегіне айналды.
Осынау мәртебесі биік мереке күні Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген азаматтарымызды, елінің ертеңі үшін аянбай кез келген уақытта Отан қорғауға даяр елінің елжанды ұландарын айтулы мерекемен құтықтаймын, - деді, қала әкімі Н.Нәлібаев.
Шара барысында 25 әскери қызметкерлер қала әкімінің марапатына ие болып, марапатталушылардың ішінен сөз сөйлеген, Қызылорда қаласындағы №36739 әскери бөлімнің әуе қозғалысын басқару орталығының кезекші ауысым бастығы, аға лейтенанты Құлымбетов Әзиз: - Жасым 25-те, яғни 1992 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған жылы дүниеге келіп, осы саламен қатар ер жеттім. Бүгінгі таңда, қуаты артып, абыройы әлемді мойындатқан Қазақстанның қарулы күштері қатарында қызмет ететінімді зор мақтаныш және абырой санаймын!
Бүгінгі ұйымдастырылған салтанатты жиынға шақырып, бізге көрсетіп жатқан құрметіңіз үшін Өзімнің және Өзім секілді әскери қызметте жүрген барша әріптестерімнің атынан алғысымды білдіремін. Себебі, бұл бізге алдағы уақытта бұдан да зор ынта - жігермен қызмет етуге дем береді, - деп қала әкіміне алғысын білдірді.
Мерекелік шараның құрметті қонағы ретінде шақырылған, Ұлы Отан Соғысының ардагері Бөрібай Құлманов сұрапыл майдан даласында басынан өткерген, тәрбиелік мән-мағынасы зор оқиғаларын айтып, Отан қорғаушыларға ақ тілегін білдіріп батасын берді.
Шара соңында, қала әкімі Н.Нәлібаев Ұлы Отан Соғысының ардагері Бөрібай Құлмановқа сый-кұрмет көрсетіп, ардагердің иығына шапан жапты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: