Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшылар табысты оралды

Оңтүстік  Қазақстан облысы, Шымкент қаласында  каратэ-до шито-рюден Қазақстан чемпионаты өтті.  Жарысқа еліміздің барлық өңірінен барлық жас ерекшеліктері бойынша 600-ге жуық спортшылар қатысты. 
Аталмыш дүбірлі бәсеке Қызылорда облысының намысын қорғаған спортшыларға сәтті өтіп, 3 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль иеленді. Жарыс нәтижесінде 14-15 жас аралығында Марта Ким  (-54 келі), 16-17 жас аралығында Сүйіндік Монтай (-55 келі) ел чемпиондары атанды. 6-10 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар арасында Ердос Кенжалиев, Павел Барыбин және Сергей Осиповтер  командалық катада бірінші орынды иеленді. 8-9 жас аралығында Ердос Кенжалиев пен 14-15 жас аралығында Қайсар Өмірбек күміс жүлдеге ие болды. 
Чемпионаттың қола жүлдесін Нәби Тимуров, Мейіржан Әділханов (екеуі де 6-7 жас, -25 келі), ката бойынша Павел Барыбин, Сергей Осипов (екеуі де 8-9 жас), 10-11 жас аралығында Әсемгүл Ердәулет (+30 келі), 12-13 жас аралығында Диас Молдабек (-35 келі), Данара Жалғасбаева (-40 келі), Бауыржан Мадияр (+50 келі), 14-15 жас аралығында Әділет Оралбек (-70 келі), 16-17 жас аралығында Диана Досқали (-48 келі), Нұрсұлу Жетербай (-59 келі), 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбайлар (-60 келі)  еншіледі. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі, №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және облыстық каратэ-до федерациясында тәлім алатын спортшыларды жарысқа Тағдыберген Жаналиев, Рүстем Әбжәмиев, Нұржан Ақпанбет, Рүстем Қараев, Еркін Боханов, Әкімжан Нұрғалиев және И.Леонид дайындады. Енді спортшылар 7-14 сәуір  аралығында Батыс Қазақстан облысында жастар арасында болатын Қазақстан чемпионатына қатысады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: