Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Кубокта "Қайсар" "Астанамен" ойнайды

Кубокта "Қайсар" "Астанамен" ойнайдыФутболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындарының жеребесі тартылды. Қызылорданың "Қайсары" елорданың "Астана" клубымен жұп құрады.
Жарыстың бұл сатысы бір ғана ойыннан тұрады. Ол екі команданың бірінің алаңында 20 мамырда өткізіледі. Бұл мәселе алдағы күндерде шешіледі. Екі команда Қазақстан кубогында 2012 жылы кездескен. Аталмыш жарыстың 1/4 финалында өзара бақ сынады. Сол жылдың 19 қыркүйегінде өз алаңында "Қайсар" "Астананы" 1:0 есебімен тізе бүктірген еді, араға 10 күн салып 29 қыркүйекте елордада біздің футболшылар олардан 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Соның салдарынан жарысты жалғастырудан шет қалды. Бұл жолы қалай болады? 
Үстіміздегі жылы Қазақстан кубогының 1/4 финалында «Оқжетпес» пен «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Жетісу», «Қайрат» пен «Тараз» командалары кездеседі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: