Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жаңақорған мешітінің шәкірттері футболдан чемпион атанды

Жаңақорған мешітінің шәкірттері футболдан чемпион атандыОблыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен өткен теңбіл доп турнирінде жаңақорғандық «Алтынсарай» құрамасы жеңімпаз атанды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын арқау еткен жарысқа аудандар мен қала мешіттері жамағатынан жасақталған 10-нан астам команда қатысқан. Тартысты өткен теңбіл доп турнирінде Жаңақорған аудандық мешіті жанындағы діни сауат ашу курсының шәкірттері намысты қолдан бермей жүлделі I-орынға ие болды. 
Жаңақорғандық жеңімпаз команда ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаровтың қолынан арнайы кубок, диплом мен бағалы сый-сияпатқа ие болды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: