Қазақстан футбол федерациясының конференцияға арналған залында 2015 жылғы ҚР Кубогының жартылай финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл жөнінде қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Жеребе нәтижесі бойынша ҚР Кубогы 1/2 финалының жұптық кездесулері анықталды:
«Ақтөбе» - «Астана»
«Тобыл» - «Қайрат»
Кубоктың бұл кезеңінде жеңімпаз екі ойынның қорытындысы бойынша анықталады. Алғашқы матчтар 2 маусым күні бірінші көрсетілген команданың алаңында өтеді. Қарымта кездесу 23 қыркүйекке жоспарланған.
Еске сала кетейік, 20 мамыр күні ҚР Кубогының 1/4 финалының ойындары өтті. «Ақтөбе» сырт алаңда «Оқжетпесті» ұтса, «Астана» футболшылары «Қайсардан» басым түсті. Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Жетісу» командасын, ал «Қайрат» футболшыларды «Таразды» жеңді.