Алматы қаласында таеквондодан (WTF) «Kazakhstan Open» халықаралық турнирі өтті. Байрақты додаға 31 командадан 400-дей спортшы қатысты.
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 5 жүлдемен оралды. Жастар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы Динара Әбдіржан мен 48 келіде Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушысы Мадияр Албергенов турнирдің жеңімпазы атанды.
Ал ересектер арасында 49 келіде Айнұр Есбергенова (№1 ОМБЖОРМ) күміс жүлдені иеленсе, 54 келіде Дархан Садықов (№2ОМБЖОРМ) пен 59 келіде Медет Сүлейменовтер (мектеп-интернат) қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа таеквондодан ересектер құрамасының аға жаттықтырушысы Николай Курноскин, жасөспірімдер мен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Нұрлыбек Сухан және бапкерлер Рашид Сандықбаев және Руслан Тілеулиевтер дайындады.