Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Волейболдан Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталды

Волейболдан Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталдыҚызылордада 4-9 қараша аралығында волейболдан 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионаты аяқталды. Оған еліміздің 11 облысынан 22 команда, 308 спортшы қатысты. 
Нәтижесінде 2000-2001 ж.т. қыздар арасында Ақтөбе облысының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы, үшінші орынды Павлодар облысының командасы иеленді. 
2002-2003 ж.т. қыздар арасында Алматы облысының командасы үздік атанды. Екінші орында - Солтүстік Қазақстан, үшінші орында Қостанай облысы.
Үздік ойыншылар (2000-2001 ж.т.):
Александра Волощенко (Ақтөбе обл.) 
Валерия Артамошина (СҚО) 
Адина Туркубаева (Павлодар обл.)
Үздік ойыншылар (2002-2003 ж.т.):
Валерия Зотова (Қостанай обл.) 
Ника Томан (СҚО)
Салим Мусарали (Алматы обл.)
Жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, диплом, кубоктармен марапатталса, үздік ойыншыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: