Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БАЙКЕНЖЕДЕ ҚЫЗДАР ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСТЫ

БАЙКЕНЖЕДЕ ҚЫЗДАР ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСТЫШұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз-халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жаңақорған ауданындағы Байкенже ауылында волейболдан бұрымдылар арасында жарыс өтті. 
Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен жарысқа 5 құрама қатысты. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде I-орын №193 орта мектеп, II-орын әкімшілік қызметкерлері, III-орын емхана ұжымы жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарды ауыл әкімі Ж.Өткелбай бағалы сыйлық, «Дипломмен» марапаттады.
«Сабақты ине сәтімен» демекші, мерейлі мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет байкенжелік Марал Мәмбетәлі мен Гүлмарал Әнуарбекованы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттаса, «Қызылқұм» ЖШС-гі директорының орынбасары П.Өтебаев ақжаулықты «Алтын алқа» иегерлеріне сый-сияпат табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: