12-13 наурыз күндері «Евразия» СК жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир басталады.
Осымен 20 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан дүбірлі бәсекеге Алматы, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ден аса спортшылар қатысады.
Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор. Жүлде қоры: 1-орынға жеңіл автокөлік, 2,3 – орындарға ақшалай сыйақы беріледі. Жарыстың басталуы 12 наурыз сағат 9.00-де болады.