Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде 30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымының қызыға тамашалаған шарасына айналды.
«Алтын белбеу» жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. 1-кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурызға дейінгі аралықта өткізіліп, 5731 спортшы қатысты. 2-кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірге дейінгі аралықта ұйымдастырылып, оған 1476 спортшы бақ сынасса, 3-кезеңі облыстық ақтық сайысқа 279 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. 3 кезең бойынша барлығына 7486 спортшы қатысты.
«Алтын белбеу» жарысы өте тартысты өтті. Өйткені әрбір балуанның белдесуге тыңғылықты дайындықпен келгені көрініп тұрды. Жарыста кіші жасөспірімдер арасында Жалағаш ауданының спортшылары жақсы қырыннан таныла білді. Ал жасөспірімдер арасында Арал ауданы мен Қызылорда қаласының жеткіншектері өздерінің мықтылықтарын байқатты. Жастар мен ересектер арасында Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласының палуандары да бірнеше жүлдеге қол жеткізді.
Түйе палуан сайысына 19 спортшы қатысты. Олардың арасында қармақшылық Еламан Ерғалиев «Сыр Барысы» атанды. Оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Сыр Арланы» титулын иеленген жалағаштық Руслан Әбдіразақовқа 700 мың теңгенің сертификаты берілсе, «Сыр Сұңқары» - аралдық Нұрым Сәлімгереевке 400 мың теңгенің сертификаты табысталды.
Сондай-ақ, кіші жасөспірімдер үшін 1-орынға 20 мың, 2-орынға 15 мың, 3-орынға 10 мың теңге, жасөспірімдерге 1-орынға 50 мың, 2-орынға 30 мың, 3-орынға 20 мың, жастарға 1-орынға 70 мың, 2-орынға 40 мың, 3-орынға 25 мың, ересектерге 1-орынға 400 мың, 2-орынға 300 мың, 3-орынға 150 мың теңгенің сертификаттары берілді.
3 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Е. Ерғалиев пен Р.Әбдіразақов облыс намысын қорғайтын болады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Жарыс жеңімпаздары:
2000-2001 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында:
38 келі: Теміржан Руслан (Жалағаш ауд.)
42 келі: Дамир Жақанша (Жалағаш ауд.)
46 келі: Айдос Балтабай (Шиелі ауд.)
50 келі: Ермек Аманкелді (Жалағаш ауд.)
55 келі: Ерлан Бақытбек (Қызылорда қ.)
60 келі: Бекзат Андрей (Жалағаш ауд.)
66 келі: Наурызбек Мамыт (Жаңақорған ауд.)
73 келі: Асылжан Бақытжанұлы (Қызылорда қ.)
+73 келі: Айберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.)
1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында:
46 келі: Нұрсұлтан Досмұрат (Қызылорда қ.)
51 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаңақорған ауд.)
57 келі: Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қ.)
64 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал ауд.)
72 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария ауд.)
81 келі: Спандияр Алмаханов (Қармақшы ауд.)
+81 келі: Бақтияр Ибрагимов (Арал ауд.)
1997-98 ж.т. жастар арасында:
55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі ауд.)
60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда қ.)
66 келі: Әсет Әбдреев (Қармақшы ауд.)
74 келі: Жанболат Бақбергенов (Сырдария ауд.)
82 келі: Алхазур Серитханов (Жалағаш ауд.)
90 келі: Нұрберген Алдаберген (Жаңақорған ауд.)
100 келі: Нұрбек Дариялов (Қызылорда қ.)
+100 келі: Нұрбек Алдажаров (Қармақшы ауд.)
Ересектер арасында:
55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы ауд.)
60 келі: Дархан Сержанов (Байқоңыр қ.)
66 келі: Нұрлыбек Алдабергенов (Жаңақорған ауд.)
74 келі: Ержан Әлиев (Шиелі ауд.)
82 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда қ.)
90 келі: Алмат Тайбағаров (Қармақшы ауд.)
100 келі: Әділхан Қозыбаев (Қызылорда қ.)
+100 келі: Руслан Әбдіразақов (Жалағаш ауд.)