30 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен «Алтын белбеу» облыстық ақтықсайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8 команда қатысады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады. Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 2 шілдеде Астана қаласында өтетін«Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 13.00-де. Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады. (Лотерея билеті тегін)