Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЗЮДОШЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЗЮДОШЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРРесейдің Тверь қаласында дзюдодан 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында жерлесіміз, №1 олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы Рауан Бегалы 60 келі салмақта күміс жүлдені иеленді. 
Рауан биылғы жылы ұлттық құрама команда сапына қабылданды. Айта кетерлігі, бұл оның халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі. 
Дзюдодан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Арман Молдахановтың айтуынша, үстіміздегі жылдың сәуір айының соңында Берлинде (Германия) Еуропа кубогына және қыркүйек айында Делиде (Үндістан) болатын Азия чемпионатынаРауанмен бірге облысымыздан Жанболат Саматұлы, Нұрлыхан Шархан, Арайлым Оразбай, Арайлым Ханзада, Бибіхан Нәбиева және Аида Файзолла қатысады. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: