Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" жаттығу жиынындағы кезекті жеңісі

"Қайсардың" жаттығу жиынындағы кезекті жеңісіТүркияның Анталиясында оқу-жаттығу жиынын өткiзiп жатқан Қызылорданың «Қайсары» бүгiн жаңа маусым алдындағы екiншi жолдастық кездесуiн өткiздi. 
Жергiлiктi «Серикспор Беледи» клубымен кездескен Сыр командасы қарсыластарын 4:0 есебiмен тiзерлеттi. Бiрiншi таймда «Қайсар» қарсыластарының қақпасын қанша пiспектегенiмен саңылау таба алмады. Есесiне, екiншi таймда алаң иелерiнiң қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алдымен бапкерлердiң сынағынан өтiп жатқан Рамиз Ахметов таразы басын қазақстандықтар жағына қарай аударса, арада көп уақыт өтпестен Максим Азовский дубль жасап, таблодағы көрсеткiштi 3:0-ге жеткiздi. Төртiншi гол Владислав Нехтийдiң еншiсiнде.
Айтпақшы, «Қайсар» аталмыш түрiк командасымен былтырғы жаттығу жиыны кезiнде де кездескен. Ол кезде де жерлестерiмiз «Серикспорды» 4:1 есебiмен жеңген болатын. Ал жиын желтоқсанның 21-iне дейiн жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: