Садық ахун Қодарұлы діни қайраткер, халық емшісі. Ол қазіргі Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылында дүниеге келген.
Садық 14-15 жасында Тапал ахуннан жеті жыл дәріс алады. Сонан соң ол Ораз ахунның мешіт-медресесінде 2 жыл оқиды. Ибн Синаның ғылымын игерген Садық ахун аурудың барлық түрін емдей білген. Садық ахун 1898 жылдан бастап мешітте имам болған. Бірақ оның есімі негізінен осы емшілігімен кеңінен шығады. Күні бүгінге дейін оның есіміне «Садық ахун», «Садық емші» деген атау жалғасып келеді.
Садық ахунның ұлы Тәждин де әкесінен қалған құрал-жабдық, дәрілік кітабы, пайдаланатын шөптері сақталған. Көзі тірісінде Тәждин ағамыз әкесінің емдік кітаптарын, 7 түрлі дәрілік шөп нұсқаларын аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсырған болатын. Қазіргі күнде Садық ахунның емдік кітабы музей қорында сақтаулы.