Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

 Қабыл ата кесенесі

Ескерткіш Қабыл ата деп аталатын үлкен қорымда орналасқан. Алғашқы деректер бойынша, Қабыл ата кесенесі екі камералы, бетше-күмбезді құрылыс.
Жергілікті дерек берушілердің айтуы бойынша бұл кесене Қабыл ата қабіріне қатысы жоқ. Сонымен №1 атаусыз кесене – екі камералы, шаршы жоспарлы, барабансыз, күмбезбен көмкерілген. Бетше түрінде салынған кіре-беріс камера оңтүстікке бағытталған. Бетшесінің ортасында арка етіп жасалған ауызы бар. Кесене көлемі 6,5х5,15 м, биіктігі 4,5 м, қабырғасының қалыңдығы 80 см.
№1 атаусыз кесенеге жақын жерде Қабыл ата төртқұлағы орналасқан. Ауызы алдында гранит тақтайшада: «Қабыл ата ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Көктас қоюшылар Оралбайұлы Нұрбала қызы Гүлмира» деп жазылған. Қам кесектен тұрғызылған төртқұлақ жоспары төртбұрышты, көлемі 5,5х4,75 м. Биіктігі 2 м, қабырғасының қалыңдығы 50 см. Күйдірілген кірпішпен (28х15х6 см) қабырғасының жоғарғы қырын қыр арқа етіп жапқан. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: