Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Медет ата кесенесі 

Медет ата кесенесі Арал ауданы, Жамбыл ауылынан шығысқа қарай 20 шақырымда жатыр. 
Ескерткіш маңайдағы биік төбенің басында орнласқан. Медет ата кесенесі (руы әлім-жақайым) қам кесектен және күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, жоспары тікбұрышты, көлемі 6,60х7 м, сақталған биіктігі 7 м. Қабырғасының қалыңдығы 90 см. Кесене бір камералы, бетшелі-күмбезді. Кіретін ауыз куысы оңтүстікке бағытталған. Кейінгі уақытта қайта қалпына келтіруіне байланысты болу керек, бетшесінің пішіні сақталмаған. Күмбезі толық күйдірілген кірпіштен қайта өрілген және қабырғасы айнала қапталған. Бірақ ескеретін жайт, кесененің қашан қалпына келтірілгені немесе алғашқы үлгісінде осындай болғаны жайлы дерек жоқ. Жерлеу қамерасының ішкі қабаты сыланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: