Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Қабан батыр

Қабан батыр шамамен 1830 жылдары туып, 1899 жылы қайтыс болған. Күші жүз, табын аталығынан. Тоқберлі руының Жәдік аталығынан тарайды. Үлкені Елғонды, осы Елғондыдан Қабан батыр туады.
Бұқарбай батырмен ағайын әрі ауылдас болған әдіс-айланы, батырлықты меңгерген. Сол кездің өзінде Қоқан қалмақтары Сыр қазақтарына тыныштық бермей, жерін, малын алып, баласын құл, әйелін күң қылып елге қатты азар берген. Жаңадарияға бөгет салып, төменгі жағына су бермей отырықшы елді көшуге мәжбүр еткен. Міне осыған төзбеген Табынның Мысық би, Бұқарбай батыр, Қабан батырлары елдің басын біріктіріп, Қоқандықтарды қуып шығады. Міне, осы шайқаста Қабан батыр үлкен ерлік жасап, жаудың біраз тұтқыны мен малын олжалап, халыққа таратып береді.
Қабан батырдың ұрпақтары қазір Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылында тұрады.

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: