Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сыр өңірі ескерткіштеріне дүниежүзілік мәртебе беру өз деңгейінде жүргізілуде

Сыр өңірі ескерткіштеріне дүниежүзілік мәртебе беру өз деңгейінде жүргізілудеОблыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етті.
Бұған дейінгі кеңес отырыстарында мәселе етіп көтерілген Қорқыт мұраларын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізбесіне енгізу, Сыр өңірі ескерткіштеріне дүниежүзілік мәртебе беру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу шаралары қолға алынды. Сығанақ және Жанкент қалашығының қорғау аймағы белгіленсе, «Қорқыт ата» ескерткіш кешені бойынша қаулы жобасы дайындалуда. Ендігі кезекте Шірік Рабат және Жент қалашықтары. Биыл қазба жұмыстарына 25 млн. теңге бөлінді. Қазба жұмыстарын кешенді жүргізу үшін жылма-жыл қаржы бөлінетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: