Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

АҚМЕШІТ АСТАНА АТАНҒАН ШАҚ


Өткен тарихтың ескі парақтарын ашып, Қызылорданың еліміздің астанасы атанғандығы туралы архив деректеріне жүгінсек, тарих қойнауына кеткен ұлы оқиғалар уақыт өте келе қайта жаңғыруы заңдылық.
1924 жылы Орта Азияда ұлттық мемлекеттік шекараларды белгілеу нәтижесінде Өзбекстан, Түркменстан республикалары, Қырғыз, Тәжік автономды облыстары құрылғаны белгілі. Осы шара негізінде Түркістан республикасы құрамындағы қазақтарды Қазақ автономды республикасына қосылып, ұлт бір тұтастығын қамтамасыз етіп, жер көлемін арттырды. Астананың бір қиырда орналасуы Қазақстан Үкіметінің де жергілікті жерлердегі партия, кеңес, шаруашылық ұйымдарымен тығыз байланысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан астананы ауыстыру қажеттігі туындады. Осы жағдайларды ескере келе жаңа астананы іздестіру шаралары басталып, нәтижесінде таңдау Ақмешіт қаласына түсті.
Тарихи деректерге сүйене отырып, «осынша таңдаудың ішінен Ақмешіттің алға озуының сыры, артықшылығы неде?» деген сауалға жауап іздеп көрдік. Біріншіден, мұнда қазақтар көп тұрады. Екіншіден, теміржол республиканың жаңа астанасын Ресей мен Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен тікелей байланыстыратындығы алдымен ескеріледі. Қала суармалы егістің орталығында орналасқан. Оған қоса алыстағы Орынбормен қарым-қатынас жасаудың қиындығы көптеген істерге кедергі келтіретіндігі себеп болды. Бұл дәлелдер астананы Ақмешітке көшіру процесін тездетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: