Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Тарихы терең ескерткіштер

Сырдарияның төменгі ағысы бойында құнды тарихи сәулет ескерткіштері көптеп кездеседі. Орта Азияның жазық даласында көшпенді ортада қалыптасқан қайтыс болған адамның басына антропоморфты стелла орнату немесе кей – кезде ағаш отырғызумен аяқталатын (өмірдің әлемдік ағашы идеясын жүзеге асыру сияқты) қорған салу көне дәстүрі Х-ХІ ғғ. Қазақстанда «мұнаралы» деп аталатын кесенелердің пайда болуына тікелей әсерін тигізді.
Б.д.д І мыңжылдықтың басында Сырдарияның төменгі ағысында (Түгескен кешенінің 5 кесенесі, б.д.д. ІХ-ҮІІ ғғ.) б.д. І мыңжылдықтың аяғында (Діңгек, Домбауыл, Қозы Көрпеш - Баян сұлу) басталған стеллалы қорған құрылыстары мен ағаш егілген мұнаралы кесенелердің күрт өсу үрдісінің нәтижиесінде Ақсақ қыз, Бегім Ана, Сараман – Қоса (Х-ХІ ғғ. Қызылорда обл) сияқты тамаша бірегей монументті мұнаралы құрылыстар пайда болды.
Ал Қазақ халқында ата – бабаларды мәңгі есте сақтау, оларды құрметтеу идеясы (көшпенді қоғамда артта қалған ұрпақтың ұлы мұраты болып саналған) көкке ұмтылған кесенелерде өз көрінісін тауып отырған. Дәл осы кезеңде мұнаралы кесенелер де осы функцияны атқарды. Ол қарапайым әрі монументальды, ал формасы іштей сыйымды. Сонымен қатар олар Еуразияның шексіз кең даласында біршама кейін пайда болған бірқатар белгілі мұнаралы кесенелердің прототипі болып табылады.
Мұнара құрылысын жүргізуде екінші бір ерекшеліктің болғандығын атап көрсеткенді жөн санап отырмыз. Бұл ерте  кезеңдерде – ақ қалыптасқан қазақ халықының көші – қон мәселесінде мұнаралардың орналасуына қатысты туындаған мәселе. Әр жүздің, әр рудың, әр аталықтың өзіне белгіленген жайылымдық жерлері болды десек, сол жайылымдық жердің шеткі нүктелеріне белгілі бір тұлғаның атақ – дәрежесін ескере отырып, мұнаралар тұрғызып отырған. ХҮІІІ-ХІХ ғасырда бұл жайылымдық жердің қай руға тиесілі екендігін көрсетсе, екіншіден белгілі бір байдың, болыстың сол төңіректегі атақ- дәрежесінің артқан көрінісі ретінде салынғандығын айта кету керек.
Сыр бойындағы ортағасырдағы мұнаралар – адамдар туралы естеліктерді ішіне жасырған, бірақ жерлеу құрылыстары іске асырылмаған ерекше монументальді коммеморативтік құрылыс болып саналады. Қазақ архитектурасындағы мұндай ескерткіштер шектелген аймақтарда, тек Сырдарияның төменгі ағысында ғана кездеседі, сонымен олар бірегей. Сондықтан әр ескерткіштің маңызы зор. Сонымен қатар, бір типті мұнаралар жоқ, олардың барлығы жеке композициялық өңдеуден өткен. Бұл олардың сәулеттік құндылығын арттырады.
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: